ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ЕҚЫҰ)

Жалпы мәліметтер
1992 қаңтарда – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҰ) қатысушы мемлекетіне айналды.
1995 – Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі (Вена) және ОА-дағы ЕҚЫҰ-ның өңірлік бюросы ашылды (Ташкент).
1999 – Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.
21 маусым  2007 – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ орталығына қайта аталды.
2007 желтоқсанда - Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.
2007-2008 – Қазақстанның ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалығы.
2010 – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығы.
16-17 шілде  2010 – Алматыдағы ЕҚЫҰ бейресми СІМК шеңберінде Қазақстанда Саммит өткізу туралы шешім қабылданды.
1-2 желтоқсан  2010 – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті.
2011 қыркүйек-желтоқсан – Қазақстанның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.
2011 желтоқсанда – «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мен Қазақстанның ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы қызметінің аяқталуы.
2014 қыркүйек – қазақстандық дипломат М.Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.
18 желтоқсан  2014 – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды. 23 қазан 2015 – «Хельсинки+40 және Астана+5» халықаралық конференциясы Астанада өткізілді.
9 ақпан 2016– ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисін мажар елшісі Д.Сабо басқаруда.
2017 – Қазақстанның ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалығы.
Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико-экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫҰ-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы – ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.
ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.
Әскери-саяси өлшемде ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпіздікті қамтамсыз етуге, сенім шараларын кұшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. Украинадағы жағдайға және Арнайы байқаушылар миссиясының жұмысына байланысты ЕҚЫҰ қызметіне айрықша көңіл аударылуда.
ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық формаларына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қалуда.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ реформалау, сайлауды бақылау бойынша бірыңғай талаптарды орнату, сондай-ақ Ұйымның құқықтық тұрғыдан бекітуші құжатын қабылдау бойынша күш-жігерде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
ЕҚЫҰ ресми веб-сайты: www.osce.org

Қазақстан мен БҰҰ ҒКМБ ынтымақтастығы

Өткен жылдары Қазақстан мен БҰҰ ҒКМБ ынтымақтастығы айтарлықтай күшейді. Ұлттық ғарыш агенттігінің сарапшылары КОПУОС сессияларында, КОПУОС Ғылым және техникалық шағын комиссиялардың және Құқықтық шағын комиссиялардың сессияларында қатысады. Осы сессиялардың барысында қазақстандық сарапшылар шетел әріптестерімен кездесулеп өткізеді, күнделікті мәселелр бойынша сөз сөйлейді, мүше мемлекеттерді Қазақстанның ғарыш кеңістігіндегі, ғарыш алаңындағы ұшырулар жетістіктері жөнінде, халықаралық ғарыш әрекеттері жөнінде құқықтық және техникалық мәселелерімен бөліседі.

Қазақстанның ғарыштық іс-қимылдары бейбіт мақсатымен ғарыш кеңістігін қоғамдық және экономикалық даму мәселелерін шешу, табиғи ресурстарды меңгеру және ұлттық қауіпсіздігін күшейту үшін бағытталған.

Ынтымақтастықтың маңызды салалардың бірі КОПУОС-пен ғарыш аясында біліммен алмасу. Оның ішінде қызығушыдық білдіретін әрине қашықтықтан оқытуда, климаттық құбылыста, ауа рай болжамында, төтенше ахуалды тоқтатуда, табиғи ресурстарды жауапкершілікпен қолдануда, ден саулықта және медицинада қолданылатын ғарыш технологияларлды даму. Басқа КОПУОС жұмыс даму үшін ынтымақтастық салалары ғарыштық іс-қимылдың халықаралық нормарға жұмыс істейтін және тиімді жүйелерді нығайту. Сонымен қатар, ғарышқа және зерттеу қорытындыларына бар мемлекеттеріне пайла болаиын ақпараттарға экономикалық даму деңгейіне аса бермей бірдей рұқсат беру.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев тарихи 54-ші КОПУОС сессиясында қатысты, себебі осы жылы адамның бірінші рет ғарышқа ұшқанына 50 жыл және КОПУОС құрылғанына 50 жыл өткенін тойлады. Қазақстандық атақты ғарышкері осы мерейтойға және бірнеше шараларға қатысқаны, әріптестерімен кездескені біздің еліміздің имиджін жақсартып, БҰҰ ҒКМБ ынтымақтастығын ілгері нығайту үшін неғұрлым үлес қосты.

Қазақстанның құзыретті мекемелері: Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті.

Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ ынтымақтастығы

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен халықаралық және аймақтық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде белсенді қызмет істейді. Атап айтқанда, «Ауғанстан және көршілес мемлекеттерде есірткіге қарсы іс-әрекет жөніндегі аймақтық бағдарламасы», «Париж пактісі бастамасы», «Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы» (ЦАКИКЦ) және т.б.

Алматы қаласында негізделген, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан және Өзбекстан, Ресей мен Әзербайжан мемлекеттерімен қоса құрайтын ЦАРИКЦ ұйымдасқан қылмыс және есірткі айналымына қарсы қызметі халықаралық және аймақтық қауіпсіздік және сақтылық үшін үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, есірткіге қарсы іс-әрекет жасайтын ұлттық және аймақтық құқық қорғау мекемелері арасындағы ынтымақтастығын аса арттырды. Орталық 2009 жылдың желтоқсанынан қызмет атқарып, осы жылдар ішінде халықаралық операция арқылы 6 тонна Ауған есірткісі және 58 ұлтаралық есірткі картелінің мүшелері ұсталды.

Ұлттық деңгейде Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ АИВ/ЖПИЖС қарсы күресу, есірткіге салыну және қолдануды тоқтату, құмар адамдарды емдеу үшін арналған қосарлас жобалар іске асыруда.

Қазақстанның маңызды ынтымақтастық аясы БҰҰ Есірткі заттары жөніндегі комиссиясында (Қазақстан 2014-2017 жылдар аралығында Комиссияның мүшесі) және Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясында қатысу; БҰҰ ЕҚБ әлемдік есірткі ахуалы, есірткі айналымы және басқа ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс себебтерінен пайда болған заңсыз қаржы ағымның бағалауы және түрлі жемқорлықтың зерттеу басылымдарын пайдалані; заңсыз есірткі айналымы, қылмыс және терроризм салаларындағы техникалық ынтымақтастық жобаларды іске асыру.

Жоғары деңгейдегі кездесулер

БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ю.Федотовтың Қазақстанға бірінші ресми сапары 2011 жылы 14-15 маусымда өтті. Сапар барысында, Ю.Федотов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірталай мәселелерді талқылау үшін кездесті. Кездесу Қазақстан төрағалық еткен 10-ы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті барысында өтті. БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен, Ішкі істер министрі Қалмуханбет Қасымовпен, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровпен кездесті. БҰҰ ЕҚБ басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысып, оның шеңберінде ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ ЕҚБ өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)

1996 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ядролық сынақтарға жаппай тайым салу шартына (ЯСЖТШ) қол қойды. Шарт Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
14 желтоқсандағы №270-II Заңымен ратификацияланған және Қазақстан үшін 2002 жылғы 14 мамырда күшіне енді.
Қазақстан Жапониямен бірге 2015-2017 жылдар кезеңіне ЯСЖТШ XIV- бабы бойынша Конференцияның тең төрағасы болып сайланды.
Қазақстан мен Жапонияның тең төрағалығының ерекшелігі – бұл екі ел ядролық қарудан зардап шеккені және ЯСЖТШ қол қоймаған және/немесе ратификацияланбаған мемлекеттерге оған мүмкіндігінше тезірек қол қоюға және оны ратификациялауға шақыруға толық моральдық құқығы болғаны болып табылады.
2015 жылғы 27 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі С. Абэ бірлескен мәлімдеме жасап, өзідерінің ЯСЖТШ күшіне енуіне қолдауын көрсетті. Бұл құжат осындай жоғары саяси деңгейде бірінші рет қабылдануда.
2016 жылғы 31 наурызда Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит аясында ЯСЖТШ қолдау туралы Қазақстан мен Жапонияның Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Қазақстанның мен Жапонияның бастамасы бойынша 2016 жылғы
4 мамырда Женевадағы Ядролық қарусыздану мәселелері бойынша ашық құрамдағы жұмыс тобының отырысы барысында ЯСЖТШ қолдау туралы жұмыс құжаты қабылданды.
Қазақстанның ЯСЖТШ-ның әмбебаптандыруына және оның қалған мемлекеттермен ратификациялауына күшін салуы іс жүзінде бақылау режимінің барлық негізгі элементтеріне жатады:
1. Халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) қазақстандық секторының бақылау станцияларын құруы және қызмет етуі.
ЯСЖТШ-на Хаттамаға сәйкес, 1999-2006 жылдары кезеңіңде Қазақстанда ХМЖ-нің бес жаңа станциялардың құрылысы аяқталды: төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық станциялар. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда келесі станциялар табысты түрде қызмет етуде:
- бір негізгі сейсмикалық желісінің станциясы PS23-Мақаншы – сейсмогруппа (2000 жылдан бастап);
- көмекші сейсмикалық желісінің үш станциясы: AS057-Бурабай – сейсмогруппа, негізгі желісіне қосалқы (2002 жылдан бастап), AS058-Курчатов – сейсмогруппа (2006 жылдан бастап), АЅ059-Ақтөбе – үшкомпонентті станция (2005 жылдан бастап);
- инфрадыбыстық желісінің станциясы IS031-Ақтөбе (2001 жылдан бастап).
Бұған қоса, ЯСЖТШ-на қолдау ретінде және АҚШ-пен Келісім шеңберінде тағы екі сейсмикалық тобы құрылды: Батыс Қазақстандағы Ақбұлақта және Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда. Сонымен қатар, қалпына келтірілген, жаңғыртылған және тағы 11 станциялардың әлеуетті ынтымақтастық ұлттық объктілері қызмет етуде.
2. Қазақстандық ұлттық деректер орталығын құру және қызмет ету.
Алматыдағы Деректер орталығы ЯСЖТШҰ-ның және NORSAR Норвегиялық геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер институтының қолдауымен құрылып, Халықаралық мониторинг жүйесімен және Халықаралық деректер орталығымен тұрақты байланыста жұмыс істейді. Коммуникация желісі барлық қазақстандық мониторинг станциялардан нақты уақыт режимінде автоматтандырылған деректерді жинау қамтамасыз ететін 132 байланыс арнасын қамтиды. 7 халықаралық және ұлттық деректер орталықтарымен деректермен алмасу жүйелі түрде жүргізілуде.
2010 жылғы 21 маусымнан бастап қазақстандық ұлттық деректер орталығы базасында Орта Азия елдерінің мамандары үшін ядролық мониторинг деректерді өңдеу бойынша Аймақтық оқыту орталығы ашылды және қазіргі уақытта қызмет етуде. Осы жоба Норвегия Үкіметімен және ЯСЖТШҰ-ның Уақытша техникалық хатшылығымен бірлесіп жүзеге асырылды.
3. Жергілікті инспекциялар режим жөніндегі іс-шараларды қолдау.
Қазақстанның бастамасымен және ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының шешімімен ҚР-да жергілікті жерлерде инспекциялар бойынша төрт далалық эксперимент өткізілді: 1999, 2002, 2005 және
2008 жылдары.
Қазақстан оқу-жаттығуларды шынайы жағдайға ұқсас өткізуге мүмкіндік берген бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын далалық эксперименттер жүргізу үшін ұсынды.
1999 жылы Қазақстанда өткізілген эксперимент ЯСЖТШҰ-ның тарихында бірінші болып, 7 мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен өтті.
2008 жылғы Қазақстандағы далалық эксперимент ең ірі болып, оның нәтижелері жергілікті жерлерде инспекцияларды өткізу жөніндегі Басшы құжаттардың жетілдіруіне маңызды болды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА)

1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 121-ші мүшесі болды. 1994 жылғы
26 шілдеде Алматыда Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қол қойылып (С.Терещенко-Х.Бликс), Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы №2344 Жарлығымен ратификацияланды.
Кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қазақстандағы бүкіл ядролық қызмет АЭХА-ның кепілдігіне қойылды. АЭХА-ның Қазақстанмен ресми түрде мәлімделген ядролық материалдардың мөлшерін мен ядролық қызметін бақылау мен растау бойынша тексерістері ядролық объектілерінде жүйелі түрде жүргізілуде.
2004 жылғы 6 ақпанда Венада Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы Кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға қол қойылып, 2007 жылғы 19 ақпанда ратификацияланып, 2007 жылғы 9 мамырда күшіне енді.
Қазақстан Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияның, Қауіпсіз айналыстағы пайдаланылған отынмен және қауіпсіз қалдықтармен жұмыс істеу туралы біріктірілген конвенцияның, Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияның, Ядролық авария жағдайында жедел хабарлау туралы конвенцияның, Ядролық авария немесе радиациялық авариялық жағдайында көмек туралы конвенцияның, Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының қатысушысы болып табылады.
Қазақстан АЭХА-мен Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде белсенді қызмет істеп келеді.
2011 жылғы 12-13 қазанда АЭХА Бас директоры Ю.Аманоның Қазақстанға сапары, сондай-ақ оның Астана, Семей және Курчатов қалаларындағы «Ядросыз әлем үшін форум» шараларына қатысуы өткізілді. ҚР Президенті Н.Назарбаевпен және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесулері өтті.
2012 жылғы наурызда АЭХА Бас директоры Ю.Аманоға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді.
2011 жылда Қазақстан Зайберсдорф қаласындағы Кепілдіктер департаментінің жаңа талдау лабораториясының құрылысына 50 мың евро көлеміндегі ерікті жарнасын төледі.
2012 жылдың аяғында Қазақстан Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі бастамасына 100 мың АҚШ доллар және Ядролық қауіпсіздік қорына 250 мың АҚШ доллар көлеміндегі жарналарын төледі. Жарнаның бір бөлігі Төмен байытылған уран банкін құру жобасының іске асырылуына жолданды. 2015 жылда Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі бастамасына 50 мың АҚШ доллар және Ядролық қауіпсіздік қорына 250 мың АҚШ доллар, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Бірлескен тегіс қамти алатын іс-әрекеттер жоспарын іске асыру мақсаттарына 25 мың АҚШ доллар көлеміндегі жарналары төленді.
Қазақстан аумағында АЭХА Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құруы АЭХА-мен қарым-қатынастардың маңызды бағыты болып табылады.
2010 жылғы желтоқсанда АЭХА Басқарушылар кеңесі АЭХА ТБУБ жобасын бекітті. 2015 жылғы 27 тамызда Қазақстан мен АЭХА ҚР аумағында АЭХА ТБУБ құру туралы келісімге қол қойды. Жаңа ғимарат 2017 жылдың екінші жартысына жоспарланған іске қосылудан кейін қызмет етеді.
ҚР мен АЭХА арасындағы келісім 10 жылдық мерзімге жасаланып, тағы 10 жылдық мерзімге созылу мүмкіндігі көзделіп, осы екінші мерзім аяқталғаннан кейін АЭХА және мүше мемлекеттер жобаны ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдау мүмкін.
АЭХА ТБУБ Өскемен қаласында «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ базасында орналасады және атом электр станциялары үшін отын резервтік қорын білдіретін болады (4,95% деңгейіне дейін төмен байытылған 235-уран беріктігі жоғары металлдан жасалған цилиндлерде). ТБУ қоры бір 1000 МВт қуатты реакторды толық тиеу үшін жеткілікті. ТБУ АЭХА бақылауында және ресми заңды иелігінде болады, сондай-ақ егер қандай да бір АЭХА мүше мемлекеті отынды дәстүрлі өнім берушінен саяси сипаттағы себептер бойынша ала алмайтын жағдайда ТБУ-ды пайдаланылатын болады. Бұл өз кезегінде АЭХА тарапынан атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдаланатын және атом электр станциялары үшін уранды жеткізуге қиындық кенеттен мемлекеттер үшін кепілдік қоры.
АЭХА қамқорлығымен қосымша резервтерін құру Агенттіктің барлық мүше мемлекеттерге ядролық отынға қолжетімділік кепілдік береді және Ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың әрбір қатысушы мемлекеттің ешқандай шамада бейбіт атом энергиясын пайдалануға қатысты заңды және ажырамас құқықтарын қозғамайды.
2015 жылғы 11-22 сәуірде ҚР-ның Бірлескен конвенцияны орындау жөніндегі бірінші ұлттық баяндамасының қорғалуы өтті. АЭХА баяндаманы дайындау деңгейінің жоғарылығын ата өтті.
2015 жылғы маусымда Хатшылық кепілдіктер туралы келісімге және қосымша хаттамаларға қатысушы 65 мемлекеттерінде, ҚР қоса алғанда, мәлім етілмеген ядролық қызмет және қатысты материалдар болмағаны туралы «кеңейтілген қорытындыны» ұсынды. Қазақстан үшін «кеңейтілген қорытынды» алғаш рет жасалды. Агенттіктің аталған қорытынды Қазақстандағы мәлім етілмеген ядролық материалдар мен қызметі фактісін мойындайды.
2015 жылғы 14-18 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі В.Школьник басқарған делегациясы АЭХА Бас конференциясының 59-шы отырысының жұмысына қатысты. ҚР СІМ, «Қазатомөнеркәсіп», Ұлттық ядролық орталығының және т. б. өкілдері  қазақстандық делегация құрамында болды.
2015 жылғы 2 желтоқсанда және 2016 жылғы 13 маусымда Венада өткен ҚР Сыртқы істер Министрі Е.Ыдырысов пен АЭХА Бас директоры Ю.Аманоның кездесулер барысында ҚР-да ТБУ Банкін құру, соның ішінде Үлбі металлургия зауытында жаңа ғимаратын салу үшін бірлесіп қаржыландыру, Қазақстанның Иран мен «алтылық» елдерінің арасындағы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Бірлескен тегіс қамти алатын іс-әрекеттер жоспарын іске асыруына қатысу мәселелері, сондай-ақ ҚР мен АЭХА арасындағы атом технологияларды ауыл шаруашылығында, азық-түлік және су қауіпсіздік үшін пайдалану мәселелері бойынша ынтымақтастығы талқыланды.

  • 1
  • 2

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00