Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ ынтымақтастығы

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен халықаралық және аймақтық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде белсенді қызмет істейді. Атап айтқанда, «Ауғанстан және көршілес мемлекеттерде есірткіге қарсы іс-әрекет жөніндегі аймақтық бағдарламасы», «Париж пактісі бастамасы», «Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы» (ЦАКИКЦ) және т.б.

Алматы қаласында негізделген, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан және Өзбекстан, Ресей мен Әзербайжан мемлекеттерімен қоса құрайтын ЦАРИКЦ ұйымдасқан қылмыс және есірткі айналымына қарсы қызметі халықаралық және аймақтық қауіпсіздік және сақтылық үшін үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, есірткіге қарсы іс-әрекет жасайтын ұлттық және аймақтық құқық қорғау мекемелері арасындағы ынтымақтастығын аса арттырды. Орталық 2009 жылдың желтоқсанынан қызмет атқарып, осы жылдар ішінде халықаралық операция арқылы 6 тонна Ауған есірткісі және 58 ұлтаралық есірткі картелінің мүшелері ұсталды.

Ұлттық деңгейде Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ АИВ/ЖПИЖС қарсы күресу, есірткіге салыну және қолдануды тоқтату, құмар адамдарды емдеу үшін арналған қосарлас жобалар іске асыруда.

Қазақстанның маңызды ынтымақтастық аясы БҰҰ Есірткі заттары жөніндегі комиссиясында (Қазақстан 2014-2017 жылдар аралығында Комиссияның мүшесі) және Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясында қатысу; БҰҰ ЕҚБ әлемдік есірткі ахуалы, есірткі айналымы және басқа ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс себебтерінен пайда болған заңсыз қаржы ағымның бағалауы және түрлі жемқорлықтың зерттеу басылымдарын пайдалані; заңсыз есірткі айналымы, қылмыс және терроризм салаларындағы техникалық ынтымақтастық жобаларды іске асыру.

Жоғары деңгейдегі кездесулер

БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ю.Федотовтың Қазақстанға бірінші ресми сапары 2011 жылы 14-15 маусымда өтті. Сапар барысында, Ю.Федотов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірталай мәселелерді талқылау үшін кездесті. Кездесу Қазақстан төрағалық еткен 10-ы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті барысында өтті. БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен, Ішкі істер министрі Қалмуханбет Қасымовпен, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровпен кездесті. БҰҰ ЕҚБ басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысып, оның шеңберінде ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ ЕҚБ өзара түсіністік меморандумына қол қойды.