Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы

 

Қазақстан мен БҰҰ ӨДҰ арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан өнеркәсіптік статистика, өнеркәсіптік интеграция және қоршаған ортаға өнеркәсіптің жағымсыз ықпалын азайту сияқты бағыттарда, соның ішінде  Жаханды экологиялық қор мен Монреаль хаттамасы аясында бірқатар аймақтық жобалар шеңберінде БҰҰ ӨДҰ-мен ынтымақтасады.

Ынтымақтастықтың перспективті бағыттарының ішінде Орталық Азия, Монғолия, Ауғанстан мен Азербайжанда жасыл даму саясатын қолдауға бағытталған  "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасына және "Болашақ энергия" тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 көрмесіне БҰҰ ӨДҰ-ның қатысуы.

Ұлттық деңгейде индустрияландыру саясаты мен 2015-2019 жылдарда екінші бесжылдық Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына орай даму саласында халықаралық серіктестердің сарапшылық потенциалын, соның ішінде тәсілдемелері, ноу-хау мен техникалық білімдерін тарту аясында, Қазақстан БҰҰ ӨДҰ-мен әрекеттеседі. Ынтымақтастықтың келесідей бағыттары басым болып табылады: модернизация мен өнімділік; энергия тиімділігі; технологиялық форсайт;  сауда потенциалын нығайту; өнеркәсәптік статистика; энергетика мен қоршаған орта.

Жоғары деңгейдегі кездесулер. 2010 жылғы 1-3 шілдеде орын алған БҰҰ ӨДҰ Бас директорының Қазақстанға тұңғыш сапары барысында ол 3-ші Астана экономикалық форумына қатысып, Ел басымен кездесті.

2011 жылғы 14 ақпанда Венада Премьер-министр орынбасары –Индустрия мен жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтың БҰҰ ӨДҰ Басқарушы директоры Д.Пискуновпен келiссөздерi өтіп, оның барысында БҰҰ ӨДҰ-ның Қазақстанға арналған елдік бағдарламасы мен Қазақстанда ГЭФ жобаларын іске асыруға БҰҰ ӨДҰ-ның қатысуы талқыланды.
 
2014 жылғы 30 сәуір мен 5 мамыр БҰҰ ӨДҰ Бас директоры Ли Юн Қазақстанда сапармен болды. БҰҰ ӨДҰ Бас директоры ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР мен БҰҰ ӨДҰ-ның өзара әрекеттесуінің негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ӨДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен декларацияға қол қойды.  БҰҰ ӨДҰ басшысы сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ә.Исекешевпен, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Н.Қаппаровпен және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевпен кездесулер өткізді. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында БҰҰ ӨДҰ-ның 2015-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанға арналған Шеңберлік елдік бағдарламаны дайындауды қоса алғанда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

2015 жылғы 2 желтоқсанда Венада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен БҰҰ ӨДҰ Бас директоры Ли Юнның кездесуі өтіп, ағымдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кейбір ынтымақтастық жобалары

Қазіргі таңда Қазақстан мен ЮНИДО Қазақстан үшiн БҰҰ ӨДҰ-ның 2016-2018 жылдарға арналған Шеңберлік елдік бағдарламасын пысықтау жөнінде ынтымақтасуда және Қазақстан бір қатар өңірлік жобаларға қатысуда.

Қазақстандағы жауапты мемлекеттік орган: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.