ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ЕҚЫҰ)

Жалпы мәліметтер
1992 қаңтарда – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҰ) қатысушы мемлекетіне айналды.
1995 – Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі (Вена) және ОА-дағы ЕҚЫҰ-ның өңірлік бюросы ашылды (Ташкент).
1999 – Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.
21 маусым  2007 – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ орталығына қайта аталды.
2007 желтоқсанда - Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.
2007-2008 – Қазақстанның ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалығы.
2010 – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығы.
16-17 шілде  2010 – Алматыдағы ЕҚЫҰ бейресми СІМК шеңберінде Қазақстанда Саммит өткізу туралы шешім қабылданды.
1-2 желтоқсан  2010 – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті.
2011 қыркүйек-желтоқсан – Қазақстанның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.
2011 желтоқсанда – «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мен Қазақстанның ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы қызметінің аяқталуы.
2014 қыркүйек – қазақстандық дипломат М.Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.
18 желтоқсан  2014 – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды. 23 қазан 2015 – «Хельсинки+40 және Астана+5» халықаралық конференциясы Астанада өткізілді.
9 ақпан 2016– ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисін мажар елшісі Д.Сабо басқаруда.
2017 – Қазақстанның ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалығы.
Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико-экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫҰ-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы – ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.
ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.
Әскери-саяси өлшемде ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпіздікті қамтамсыз етуге, сенім шараларын кұшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. Украинадағы жағдайға және Арнайы байқаушылар миссиясының жұмысына байланысты ЕҚЫҰ қызметіне айрықша көңіл аударылуда.
ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық формаларына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қалуда.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ реформалау, сайлауды бақылау бойынша бірыңғай талаптарды орнату, сондай-ақ Ұйымның құқықтық тұрғыдан бекітуші құжатын қабылдау бойынша күш-жігерде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
ЕҚЫҰ ресми веб-сайты: www.osce.org