Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)

1996 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ядролық сынақтарға жаппай тайым салу шартына (ЯСЖТШ) қол қойды. Шарт Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
14 желтоқсандағы №270-II Заңымен ратификацияланған және Қазақстан үшін 2002 жылғы 14 мамырда күшіне енді.
Қазақстан Жапониямен бірге 2015-2017 жылдар кезеңіне ЯСЖТШ XIV- бабы бойынша Конференцияның тең төрағасы болып сайланды.
Қазақстан мен Жапонияның тең төрағалығының ерекшелігі – бұл екі ел ядролық қарудан зардап шеккені және ЯСЖТШ қол қоймаған және/немесе ратификацияланбаған мемлекеттерге оған мүмкіндігінше тезірек қол қоюға және оны ратификациялауға шақыруға толық моральдық құқығы болғаны болып табылады.
2015 жылғы 27 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі С. Абэ бірлескен мәлімдеме жасап, өзідерінің ЯСЖТШ күшіне енуіне қолдауын көрсетті. Бұл құжат осындай жоғары саяси деңгейде бірінші рет қабылдануда.
2016 жылғы 31 наурызда Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит аясында ЯСЖТШ қолдау туралы Қазақстан мен Жапонияның Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Қазақстанның мен Жапонияның бастамасы бойынша 2016 жылғы
4 мамырда Женевадағы Ядролық қарусыздану мәселелері бойынша ашық құрамдағы жұмыс тобының отырысы барысында ЯСЖТШ қолдау туралы жұмыс құжаты қабылданды.
Қазақстанның ЯСЖТШ-ның әмбебаптандыруына және оның қалған мемлекеттермен ратификациялауына күшін салуы іс жүзінде бақылау режимінің барлық негізгі элементтеріне жатады:
1. Халықаралық мониторинг жүйесінің (ХМЖ) қазақстандық секторының бақылау станцияларын құруы және қызмет етуі.
ЯСЖТШ-на Хаттамаға сәйкес, 1999-2006 жылдары кезеңіңде Қазақстанда ХМЖ-нің бес жаңа станциялардың құрылысы аяқталды: төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық станциялар. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда келесі станциялар табысты түрде қызмет етуде:
- бір негізгі сейсмикалық желісінің станциясы PS23-Мақаншы – сейсмогруппа (2000 жылдан бастап);
- көмекші сейсмикалық желісінің үш станциясы: AS057-Бурабай – сейсмогруппа, негізгі желісіне қосалқы (2002 жылдан бастап), AS058-Курчатов – сейсмогруппа (2006 жылдан бастап), АЅ059-Ақтөбе – үшкомпонентті станция (2005 жылдан бастап);
- инфрадыбыстық желісінің станциясы IS031-Ақтөбе (2001 жылдан бастап).
Бұған қоса, ЯСЖТШ-на қолдау ретінде және АҚШ-пен Келісім шеңберінде тағы екі сейсмикалық тобы құрылды: Батыс Қазақстандағы Ақбұлақта және Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда. Сонымен қатар, қалпына келтірілген, жаңғыртылған және тағы 11 станциялардың әлеуетті ынтымақтастық ұлттық объктілері қызмет етуде.
2. Қазақстандық ұлттық деректер орталығын құру және қызмет ету.
Алматыдағы Деректер орталығы ЯСЖТШҰ-ның және NORSAR Норвегиялық геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер институтының қолдауымен құрылып, Халықаралық мониторинг жүйесімен және Халықаралық деректер орталығымен тұрақты байланыста жұмыс істейді. Коммуникация желісі барлық қазақстандық мониторинг станциялардан нақты уақыт режимінде автоматтандырылған деректерді жинау қамтамасыз ететін 132 байланыс арнасын қамтиды. 7 халықаралық және ұлттық деректер орталықтарымен деректермен алмасу жүйелі түрде жүргізілуде.
2010 жылғы 21 маусымнан бастап қазақстандық ұлттық деректер орталығы базасында Орта Азия елдерінің мамандары үшін ядролық мониторинг деректерді өңдеу бойынша Аймақтық оқыту орталығы ашылды және қазіргі уақытта қызмет етуде. Осы жоба Норвегия Үкіметімен және ЯСЖТШҰ-ның Уақытша техникалық хатшылығымен бірлесіп жүзеге асырылды.
3. Жергілікті инспекциялар режим жөніндегі іс-шараларды қолдау.
Қазақстанның бастамасымен және ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының шешімімен ҚР-да жергілікті жерлерде инспекциялар бойынша төрт далалық эксперимент өткізілді: 1999, 2002, 2005 және
2008 жылдары.
Қазақстан оқу-жаттығуларды шынайы жағдайға ұқсас өткізуге мүмкіндік берген бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын далалық эксперименттер жүргізу үшін ұсынды.
1999 жылы Қазақстанда өткізілген эксперимент ЯСЖТШҰ-ның тарихында бірінші болып, 7 мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен өтті.
2008 жылғы Қазақстандағы далалық эксперимент ең ірі болып, оның нәтижелері жергілікті жерлерде инспекцияларды өткізу жөніндегі Басшы құжаттардың жетілдіруіне маңызды болды.