Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексі

Қазақстан Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексіне (бұдан әрі - Гаага тәртіп кодексі немесе ГТК) 2005 жылғы шілде айында 121-ші мүше болды.

Қазақстан Кодекстің туындауының куәгері ретінде осы форматтағы бүкіл негізгі шараларға қатысты. Қазақстан 1997 жылы Кодекстің мәтінінде көрсетілген үш құжатқа қосылды:

- Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттер қызметінің қағидаттары туралы шарт (1967);

- Ғарыш объектілерімен залал келтіру үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенция (1972);

- Ғарыш кеңістігіне ұшыраған объектілерді тіркеу туралы конвенция (1974).

Кодектің 4-бабы 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан баллистикалық зымырандарға ие болмағандықтан жоспарланатын баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсынуға міндетті.

2016 жылы 2-3 маусымда Венада Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексіне мүше мемлекеттердің 15-ші Пленарлық отырысының барысында Қазақстан бір жылдық мерзімге ГТК Төрағалығын қабылдады.

Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінде Төрағалығы еліміздің халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге және Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыруына тағы бір үлесі болмақ.

Қазақстанның төрағалығымен өткен 15-ші Пленарлық отырысының нәтижесінде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарауына енгізілетін ГТК туралы қарар жобасы келісілді.

Қазақстан ГТК Төрағасы ретінде режимнің жанжақтылығына және мүшелігін кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуі, баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы алдын ала хабарландырулармен және ұлттық зымыран бағдарламалар туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну арқылы мемлекеттер арасындағы сенімді арттыруы тиіс.

Үндістан зымыран - маңызды мемлекеті ретінде Гаага тәртіп кодексіне қосылу шешімі Қазақстан Республикасының төрағалығы бастамасының маңызды нәтижесі болып табылды.