Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Елшілігінің және Тұрақты Өкілдігінің сайтына қош келдіңіздер!

Қазақстан және Аустрия арасындағы қарым-қатынастар қазіргі уақытта әртүрлі салаларда бірте-бірте даму үстінде. Атап айтқанда, ол тұрақты саяси диалогты қолдау, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, мәдени алмасуды өткізу және аймақаралық байланыстарды нығайтуды қамтиды. Аустрия Қазақстанның Орталық Еуропадағы жетекші серіктестерінің бірі болып табылады.

Алайда біздің өзараәрекеттесуімізде іске асырылмаған әлеуеттер бар.  

Осыған орай, осы сайттағы қолжетімді ақпарат елімізге, Қазақстандық-Аустриялық қарым-қатынастары және Қазақстанның Венада орналасқан халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуіне байланысты негізгі сұрақтарға жауаптарды табатындарыңызға мен сенімдімін. 

Бұл жерде Қазақстан Республикасы, оның сыртқы және ішкі саясаты, экономикасы және мәдениеті туралы ақпаратты «Қазақстан» бағанасы арқылы таба аласыздар.  

Қазақстан Республикасы және Аустрия Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастары туралы негізгі ақпаратты «Қазақстан-Аустрия» бағанасынан таба аласыздар.

Қазақстанның БҰҰ мекемелерімен қарым-қатынастарының негізгі мәселелері бойынша ақпарат «Қазақстан және халықаралық ұйымдар» бағанасында орналасқан.

Дипломатиялық өкілдіктің құрылымы, біздің қызметкерлердің байланыс телефондары, сондай-ақ басқа да қажетті ақпаратты «Елшілік» бағанасына өту арқылы таба аласыздар.

Қазақстан Республикасына бару үшін алатын визаға өтінішті дұрыс берудің және Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің консулдық қызметінен басқа да құжаттарды алудың тәртібі туралы ақпаратты "Visa және консулдық сұрақтар" атты бағанасы арқылы алуға болады.

Біздің сайтымыз Қазақстан туралы ақпараттың қажетті қайнар көзі болатынына кәміл сенімдімін.

Егер қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда берілген мекен-жайға хат жазуыңызға болады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.