Елші

Қайрат Шораұлы Сарыбай

Туған жылы және жері:         

 

08.06.1966, Алматы қаласы

Білімі: :

1988   А.Жданов атындағы Ленинград Мемлекеттік университетін филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы::    

1988 - 1991   

Қазақ КСР Ғылым академиясы Ұйғыртану институтының қызметкері, КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының Ленинград бөлімінің стажер-зерттеушісі

1991 - 1996

ҚР СІМ Консулдық басқармасының, Ақпараттық-талдау басқармасының, Түркия Республикасындағы ҚР Елшілігінің қызметкері

1996 - 1997

ҚР Президенті Протокол қызметінің бастығы

1997 - 1998

ҚР Президентінің Баспасөз-хатшысы, Баспасөз қызметінің жетекшісі

1998 - 1999

ҚР Сыртқы істер вице-министрі

1999 - 2003

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2003 - 2007

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2007 - 2008

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші

2008 - 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі

2010 - 2014

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары

4 ақпан 2014

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі

Үйленген, 4 баласы бар.

Қазақ, орыс, неміс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

«Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, «Қызмет үшін ГФР Ұлы кресті» наградасына және Чехияның «Карел Крамаржа» атындағы естелік медальге ие.